Қазақстанда 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде ұлттық жоспар әзірленді. Құжат Ашық НҚА порталында 9 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Жоспар 2023-2025 жылдарға арналған 47 іс-шараны қамтиды.
"Мысалы, мүгедектікке әкелетін туа біткен ақаулар мен тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін балаларды ерте скринингпен қамту, науқастарды өзін-өзі басқаруға үйрету бағдарламасы енгізілді. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті қолдау кабинеттерін кеңейту және ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін жағдай жасау жоспарланды" – делінген құжатта.
Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі: Мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл бойы субсидияланады
әҰлттық жоспарда сонымен қатар волонтерлік институтты дамыту мәселесі де қарастырылды.
"Үйде арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж жандарға жеке көмекшілер қызметтері бойынша ұсыныстар әзірлеу, волонтерлік институтты дамыту жоспарлануда. Осыған байланысты әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеріп, аттестациядан өткізу ұсынылады" –делінген хабарламада.