Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласы үшін грантты өтеу мерзімі – 3 жыл.
Қазақстанда мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды білім грантын еңбекпен өтеу міндетінен босату жоспарланып отыр. Оны жүзеге асыру үшін "Білім туралы" заңға өзгертулер жобасы әзірленген. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Аталған жеңілдік келесі азаматтарға жасалады:
- 18 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасайтын жандар;
- І топ мүгедегіне күтім жасайтын отбасы мүшесі, жалғызбасты ІІ топ мүгедегіне күтім жасайтын жан, көмекке мұқтаж зейнеткер және 80 жастан асқан қарт адамға күтім жасайтын жандар.
Қазіргі таңда өзгерістер жобасы әзірленіп, алдағы уақытта Мәжілістің талқысына ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Мүгедек баланың ата-анасына сотта қандай жеңілдік бар?
Еске салайық, қазіргі таңда білім гранты еңбекпен өтеу келесі сала бойынша білім алған жандарға міндетті: педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласы. Еңбекпен өтеу мерзімі – 3 жыл.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🔸Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық тұрғын ұсталды
-
209
-
1
-
0
-
-
2Астанада ер адам мұздың астына түсіп кеткен жасөспірімді құтқарып қалды
-
222
-
0
-
0
-
-
3⚡ Павлодар облысында бопсалаушылардың қылмыстық тобы ұсталды
-
221
-
1
-
0
-
-
4Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
228
-
0
-
0
-
-
5🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
221
-
0
-
3
-
-
6😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
204
-
0
-
4
-