Тікелей эфир

Мұғалім, медбике, көлік жүргізуші: Шілде айында қай мамандарға ең жоғары жалақы ұсынылды?

Медбикелерден, фельдшерлерден және медицина саласындағы басқа да жұмыс іздеушілердің түйіндемелерінің саны екі есе артты.

Шілде айында жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 98 мың бос жұмыс орнын орналастырса, өтініш берушілер 93,4 мың түйіндеме орналастырған. Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 8,1 мыңға, ал түйіндемелердің саны 38,8 мыңға артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде айтылды.

"Шілде айында жұмыс берушілер арасындағы ең үлкен сұранысқа біліктілігі жоқ мамандармен қатар call-орталық операторлары, көлік жүргізушілері мен күзетшілер ие болды", – деп жазды ведомство.

Шілде айында жоғары білікті мамандардың түйіндемелерінің жартысы орта білім беру ұйымдарының педагог мамандықтарына тиесілі болды. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері, орта мектеп мұғалімдері және пән мұғалімдері бар. Өткен аймен салыстырғанда бұл мамандардың түйіндемелері жалпы саны 7,4 мыңға артқан. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының түйіндемелерінің күрт артуы тамыз айындағы ору науқанына дайындықпен байланысты.

"Түйіндемелер санын көбейтудің негізгі факторы – жаңа оқу жылының жақындауы және ЖОО түлектерінің еңбек нарығына шығуы", – деп түсіндірді ҚР Еңбек министрлігі.


Оқи отырыңыз: Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы қалай төленеді? Шағын түсіндірме.


 

Серіктестер жаңалықтары