15 сәуірден бастап салық органдары банктерден алынған деректерді өңдеп жатыр. Күдік туған жағдайда азаматтарға алғашқы хабарламалар осы айдан бастап келеді.
Осы ретте қандай жағдайларда тексеруге негіз болатынын еске саламыз.
Fingramota мәліметінше, келесі үш жағдай бір уақытта орындалса, онда азаматтарға хабарлама жіберіледі:
- ақша 100 және одан да көп адамнан түссе;
- аударымдар жүйелі түрде, қатарынан үш ай бойы жүргізілсе;
- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса.
"Бұл белгілер жеке-жеке бұзушылық болып саналмайды. Алайда, егер олардың барлығы сәйкес келсе, онда ол кәсіпкерлік қызметке ұқсас жүйелі табыс көзі сияқты көрінуі мүмкін", – делінген түсіндірмеде.

