Тікелей эфир

Мереке күнтізбесі: 2024 жылы қазақстандықтар қосымша 11 күн демалады

Келесі мереке – 8 наурыз.

Қазақстанның электрондық үкімет порталының мәліметінше, 2024 жылы жұмыс істейтін азаматтар 11 қосымша күн демалады.

Наурызда 4 демалыс күні болады: 8-і – Халықаралық әйелдер күніне орай, сондай-ақ 21, 22 және 25-і – Наурыз мерекесіне орай. Наурыз мейрамы үш күн тойланатындықтан, 25 наурыз, дүйсенбі  демалыс күні болады, ал биыл 23 наурыз сенбі күніне сәйкес келеді.

Мамыр айында тағы 3 қосымша демалыс болады: Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні(7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр). Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым – жексенбіге сәйкес келеді (демалыс күнін кейінге қалдыру болмайды).


Оқи отырыңыз: Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы


Одан кейін қазақстандықтар 8 шілдеде демалады. 6 шілде Астана күні сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні кейінге шегеріледі. Осыдан кейін 30 тамызда (Конституция күні), 25 қазанда (Республика күні) және 16 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) демалады. Бұл екі жұма және бір дүйсенбі күніне сәйкес болады.

Серіктестер жаңалықтары