Әлихан Смайылов бұл мәселені авиакомпаниялардың жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениетінің төмендігімен байланыстырды.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Үкімет кулуарында ұшақ билетінің құны неге демалыс күндері қымбаттап кететініне қатысты пікір білдірді.
"Халық арасында ұшақ билетінің құнына қатысты шағым көп. Әсіресе, демалыс күндері билеттің бағасы қымбат болады. Оның себебі неде? Бұны қалай реттейсіздер?", – деп сұрады журналистер комитет төрағасынан.
"Ол – халықаралық тәжірибе. Билеттің деңгейін мемлекет реттемейді. Ол бүкіл әлемде пайдаланылатын тәжірибе бойынша, сұраныс пен ұсыныстың орташа бағасына, нарыққа қарай қойылады. Мысалы, демалыс күндері билеттің бағасы көтерілсе, аптаның ортасында, жұмыс күндері арзандайды. Қонақ үйлерде де сондай тәсіл пайдаланылады. Біздің пікірімізше, билеттің құнын азайту үшін бәсекелестікті дамыту керек", – деді Талғат Ластаев.
Оқи отырыңыз: Ұшақ билетінің ақшасын қалай қайтаруға болады?
Айта кетейік, үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов бұл мәселені авиакомпаниялардың жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениетінің төмендігімен байланыстырды.
"Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды. Осыдан барып, баға саясатында да көптеген сұрақтар туындайды. Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда, ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр. Сондықтан, баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеу керек. Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс", – деді Үкімет басшысы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
257
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
252
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
256
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
254
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
248
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
248
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
246
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
240
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
225
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
221
-
1
-
5
-