Тікелей эфир

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбек министрлігінің қарамағына беріледі

Инспекция бұған дейін жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болды.

Үкімет еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысының жобасын орналастырды.

Қаулы жобасында:

  • Еңбек министрлігі жанынан жеке Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін құру;
  • Еңбек министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті деп өзгерту;
  • Еңбек министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің атауын өзгерту;
  • мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбек министрлігінің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейеді. Бұл қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары