Бұған дейін тек 3 жылға дейін қаржыландырылатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық ғылым институттарын тұрақты түрде қаржыландыру және ғалымдардың жалақысын көтеру мәселесіне тоқталды.
"Ғылым біздің аса маңызды басымдылығымыз. Бұл саладағы түйіткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн. Мен ұлттық іргелі ғылыммен айналысатын ғылым институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізуді тапсырдым. Құзырлы министрлік осындай ғылыми мекемелерді іріктеудің және қаржыландырудың айқын әрі ашық ережесін әзірлеуі керек", – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол ұлттық ғылыми кеңестер шешімінің әділдігі туралы сөз қозғады. Осы орайда, аппеляция институтын енгізу керектігін айтты.
"Қысқа жоспарлау мерзімінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің қиын екені анық. Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай аппеляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл уақыт талабына сай болумен қатар әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, президент мәдениет қызметкері, мұрағатшы, кітапханашы және қорықшылардың жалақысы жыл сайын 20% өсетінін мәлімдеді. Жалақының артуы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-