Жалақының артуы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.
2025 жылға дейін бюджеттен қаржыландырылатын білім мен медицинадан басқа сала қызметкерлерінің жалақысы шамамен 20% өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалар. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлер жалақысын жыл сайын орта есеппен 20% өсіретін болады", – деді президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін баспана мәселесін шешу үшін "Отбасы банкіне" аударуды ұсынды.
"Азаматтар жұмыс берушілерден толық төлем талап ете бастады. Осы үрдісті әрі қарай да жалғастыру үшін зейнетақы қорындағы қаражаты жеткілікті деңгейден асқандарға қалған соманы үй сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударуға мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Бұл өз кезегінде қаржы жинауға және оны сауатты басқаруға көмектеседі", – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, мемлекет басшысы ғылымды гранттық қаржыландыру мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Бұған дейін тек 3 жылға дейін қаржыландырылатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
383
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
253
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
221
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
159
-
0
-
4
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
116
-
0
-
0
-