Тікелей эфир

Мемлекет басшысы: Балаларға арналған "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын

Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, жүйе жоқ.

Мемлеке басшысы бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл туралы Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Президент мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, жүйе жоқ екендігін айтты.

"Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады, сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын", – деді Мемлкет басшысы.

Оның айтуынша, бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс.


Оқи отырыңыз: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады.


"Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.Қазір еңбек нарығында ауқымды өзгерістер болып жатыр. Онда цифрлы экономиканың рөлі арта түспек. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді. Осы секторда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Алайда олардың еңбек құқықтары толық қорғалмаған", – деді ол.

Президент осы санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажеттігін айтты.


Оқи отырыңыз: "Қарызсыз қоғам" қаржы сауатын арттыру жобасы үкіметтік деңгейге өтеді.


 

Серіктестер жаңалықтары