Алайда оқу министрі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беру мазмұнын жақсарту лифттен де өзекті болып отырғанын айтты.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Информбюро порталының тілшісінің сауалына берген жауабында мектептерді лифт, пандустармен жабдықтау туралы пікір білдірді.
"Бізде мектеп неше қабатты болса, соған байланысты арнайы бекітілген нормалар бар. Салынып жатқан мектептер де негізінен осы нормаларға сәйкес. Бірақ, қазіргі уақытта ерекше білімді қажет ететін балаларға тиісті жағдай жасау мәселесі біз үшін ең өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан қазір пандус, лифт және басқа балаларды көтеруге арналған құрылғыларды сатып алып, оларды қолжетімді ету мәселесі қарастырылып, шешіліп жатыр", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Депутаттар "жайлы мектептерде" лифт орнатуды естен шығармауды тапсырды
Сонымен қатар, министр білім беру мазмұнын осы балаларға қолжетімді ету мәселесі лифт пен пандустардан маңызды екенін атап өтті.
"Ол арнайы бағалау жүйесін, дефектологтардың, арнайы педагогтердің дайындық мәселелерін шешуді, жалпы балалардың инклюзивті ортада, басқа балалармен бірге оқу мүмкіндігін қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл жұмыстар біз үшін үлкен маңызға ие", – деді министр.
Еске салайық, Мәжіліс депутаттары өткен аптада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мектептерді жобалау кезінде лифт орнатуды талап етпеу заңға қайшы және мүгедектігі бар оқушылардың құқықтарын шектеу екенін айтқан болатын. Мәжілісмендердің сөзінше, лифт орнату Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларында көрсетілген. Алайда, жобаларды сараптау кезінде ол талап ескеріле бермейді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
380
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
355
-
0
-
0
-
-
3🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
351
-
0
-
1
-
-
4💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
337
-
0
-
0
-
-
5👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
326
-
0
-
0
-
-
6🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
302
-
0
-
0
-
-
7☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
316
-
0
-
0
-
-
8👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
285
-
0
-
0
-
-
9🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
274
-
1
-
2
-
-
10🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
277
-
0
-
0
-