Тікелей эфир

Депутаттар "жайлы мектептерде" лифт орнатуды естен шығармауды тапсырды

Жалпы білім беретін ұйымдарда лифт болмауы мүгедектігі бар оқушылардың құқығын шектейді.

Мәжілістің бірқатар депутаты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мектептерді жобалау кезінде лифт орнатуды талап етпеу заңға қайшы және мүгедектігі бар оқушылардың құқықтарын шектеу екенін айтты. 

Мәжілісмендердің сөзінше, лифт орнату Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларында көрсетілген. Алайда, жобаларды сараптау кезінде ол талап ескеріле бермейді. 

"Өңірлерді аралап, ауылдар мен аудан орталықтарындағы жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысқан кезде жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мектептерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін талаптар жартылай ғана орындалғанын, екінші қабаттағы сабақтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін лифтілердің орнатылмағанын анықтадық. Ал мектептерде мамандандырылған сыныптар әртүрлі қабаттарда орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кейбір сабақтар бірінші қабаттағы жабдықталмаған кабинеттерде өтеді немесе мүлдем өтпейді екен", – деді депутаттар. 


Оқи отырыңыз: Мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 20,3% артады


Олардың айтуынша, бастауыш және жалпы білім беретін, сондай-ақ орта кәсіптік білім беру ұйымдарында мүгедектер арбасын пайдаланатын оқушылар үшін арнайы лифт орнату 2018 жылғы 3.06-101-2012 Қазақстан Республикасының Ережелер жиынтығында міндеттелген. 

Осы орайда депутаттар министрге "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында 800 мың орынға арналған жаңа форматтағы мектептерді салуда лифт қарастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету талабын қойды. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары