Мектептегі оқу мен каникул ұзақтығы және қорытынды емтихандар мерзімі белгіленді

Пилоттық, халықаралық мектептерде оқу жылын 20 тамыздан бастауға рұқсат берілмек.

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА жобасында Білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады. Онда мектептердегі оқу жылы мен каникул ұзақтығы, сондай-ақ қорытынды емтихандардың өтетін уақыты нақтыланған. Жоба 21 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Жобаға сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектептердегі оқу жылының ұзақтығы: 

  • І тоқсан: 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазан – 6 қараша аралығы);
  • ІІ тоқсан: 8 апта, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсан – 8 қаңтар аралығы);
  • ІІІ тоқсан: 10 апта, көктемгі демалыс – 9 күн (18 – 26 наурыз аралығы);
  • IV тоқсан: 10 апта (1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығы).

Оқи отырыңыз: Оқу жылы мен каникул уақытын айқындайтын жаңа мемлекеттік стандарт бекітілді


Білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша пилоттық, халықаралық және өзге мектептерде оқу жылының келесі балама мерзімі қолданылуы мүмкін: 20 тамыз – 31 мамыр аралығы.

  • І тоқсан: 9 оқу аптасы, күзгі демалыс – 10 күн (23 қазан – 1 қараша аралығы);
  • ІІ тоқсан: 9 апта, қысқы демалыс – 15 күн (31 желтоқсан – 14 қаңтар аралығы);
  • ІІІ тоқсан: 9 апта, көктемгі демалыс – 9 күн (20 – 29 наурыз аралығы);
  • IV тоқсан: 9 апта, (1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығы).

Ескерту: Оқу жылының 20 тамыздан ерте және 3 маусымнан кеш басталуына рұқсат етілмейді.

Оқу жылының басталуы мен аяқталуының балама мерзімін таңдау туралы шешімді пилоттық, халықаралық мектептердің және басқа да білім беру ұйымдарының педагогикалық және қамқоршылық кеңесі айқындайды.


Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары оқу формасы мен оқу ұзақтығы туралы не білуі тиіс?


Сондай-ақ, жобада қорытынды аттестаттаудың мерзімдері де белгіленген. 

9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды қорытынды емтихандар: 2 – 13 маусым аралығы:

  • гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс – 2 маусым; 
  • математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 6 маусым; 
  • қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 9 маусым;
  • таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 13 маусым. 

11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды қорытынды емтихандар: 5 – 19 маусым аралығы:

  • алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым;
  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 8 маусым; 
  • Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 12 маусым; 
  • ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін қазақ тілі/ орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі) – 15 маусым; 
  • таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 19 маусым. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары