Мектеп оқушыларының қысқы каникулы 10 күнге созылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Оқушылар 29 желтоқсаннан бастап каникулға шығады.

Қазақстан мектептерінде қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін, қоса алғанда 10 күн болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік қысқы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың тұлғалық дамуына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

"Мектеп оқушыларының қысқы каникулдағы бос уақытын мазмұнды өткізу және жеке қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған", – делінген хабарламада.

Балаларға демалыс уақытында:

  • кітап оқу;
  • музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге бару;
  • спорттық ойындарға қатысу, коньки тебу, шаңғы тебу;
  • қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік бастамаларға қатысу ұсынылады.

Сонымен қатар мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы түрлі іс-шаралар өткізу көзделген.

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары