Тікелей эфир

Мектеп, емхана, саябақтар: Алматыда 222 жер телімі әлеуметтік мақсатқа сатып алынды

2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды.

Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық; Бостандық ауданында жайлы мектеп салу Әуезов ауданы Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана, Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру, Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу, Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша, Түрксіб ауданы Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды.


Оқи отырыңыз: Жер телімін қалай үлкейтіп, бөлуге болады? Маңызды сұрақтарға жауап


2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды. Алматы қаласы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га.

Серіктестер жаңалықтары