Оқу-ағарту министрлігі мектептегі тамақтандыру нормасына енгізген өзгерістер 20 желтоқсаннан бастап күшіне мінуі тиіс.
Қазақстандағы мектеп асханалары өзімен бірге үйден ыстық тағам әкелетін боқушыларға жағдай жасауы 20 желтоқсаннан бастап міндетті. Алайда асхана қызметкерлері балаларға арнайы орын бөлгенмен, үйден әкелген тамақты қалай сақтайтынын білмейді. Өйткені, асханалардың көбі жеткілікті деңгейде тоңазытқыштармен жабдықталмаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Арнаның ақпаратынша, оқушылардың мектеп асханасында тамақтану құны шамамен 500 теңгеден басталады. Дегенмен, бұл баға қалтасына салмақ боп түсетін ата-аналар да жеткілікті.
Оған қоса, асқазанына асхана тағамы жақпайтын балалар да көбейген. Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паулидің айтуынша, арнайы диета ұстауы тиіс оқушылардың ата-аналарынан өтініш көп түскен.
"Бізге тек ата-аналардан үйден әкелінген тамақты қабылдау мүмкіндігі туралы бірнеше рет өтініштер келіп түсті. Бұл негізінен денсаулығына байланысты белгілі бір диетаны қажет ететін балалар. Осыған байланысты үй тағамын қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасау туралы норма көзделген", – деп түсіндірді Элина Паули.
Оқи отырыңыз:
- Мектеп асханасы мен дәретханасының жағдайына анонимді түрде шағымдануға болады
- 0,5 литр су – 300 теңге. Білім министрі мектеп асханаларындағы бағаны сынға алды
Дегенмен, мектеп асханаларының қызметкерлері оқушылардың үйден әкелген тамағын асханада ішуіне бұрын да мүмкіндік беріліп келгенін айтады.
"Балалар бұған дейін де өзімен әкелген тағамдарды асханаға әкеліп тамақтанып келген. Оларға арнайы орындар бөлінген. Қажет болса, тамақтарын жылытып береміз. Ал оларды сақтау туралы ешқандай талап қойылмаған еді", – мектеп асханасының меңгерушісі Нұрлан Телемесов.
Асхана қожайындарын алаңдатып отырған жайт – үйден әкелген тамақтарды сақтау мәселесі. Таңертең әкелген тамақ тоңазытқышқа қойылмаса, түске дейін бұзылып кетуі мүмкін. Ал шағын мектеп асханалары оқушылардың үйден әкелген тамағын сақтауға жеткілікті мөлшерде тоңазытқыштармен жабдықталмаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
355
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
339
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
331
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
319
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
300
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
296
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
280
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
288
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
266
-
0
-
2
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
222
-
0
-
1
-