Тікелей эфир

Меккеге қажылық парызын өтеу үшін 2 миллионға жуық адам келді

Бүгін үлкен қажылық ресми түрде басталады.

Биыл Сауд Арабиясына қажылық сапарға әлем бойынша 2 миллионға жуық адам барды. Нақты саны әлі белгісіз. 

Бірақ, Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі биыл қажылар саны өткен жылғы 1,8 миллионнан асып түседі деп болжам жасап отыр. Бұл әлемде коронавирус пандемиясы басталғаннан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. 

Ал пандемияға дейінгі 2019 жылы әлем бойынша 2,4 миллион адам үлкен қажылыққа барған болатын. Қазіргі таңда Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі қажылыққа келетін адамдардың санын квота арқылы реттеуге көшкен. Әр елге әрбір мың мұсылманға шаққанда бір орын беріледі.  

Еске салайық, бүгін жұма күні Меккеде үлкен қажылық ресми түрде басталады. 


Оқи отырыңыз: Қажылық 2024: Сауд Арабиясы қажылықты туристік сапармен шатастырмауға шақырды


 

Серіктестер жаңалықтары