Тікелей эфир

Медициналық мекемелер рұқсатсыз тіркесе, не істеу керек?

Медициналық мекемелерге ай сайын мемлекеттен жан басына шаққанда 1 367 теңге қаражат түседі.

Түркістан облысының жекеменшік емханаларында азаматтарды медициналық тіркеуге алуда көптеген шикілік шығып жатыр. Алматы мен Шымкенттің бірқатар тұрғыны аталған облыстағы емханада тіркеліп тұрғанын біліп таң қалып отыр. Сондай-ақ, қалалық емханаларда тіркеуде тұрған халықты ауылдық емханалар тізімге алған, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Динара Қонысбаева қаңтар айының басынан бері екі баласының Шымкенттен шалғай ауылдағы жекеменшік клиникалардың біріне тіркелгенін жуырда ғана білген. Өзі тіркеліп тұрған емханадан 50 шақырым жердегі мекеменің медициналық қызметіне екі баласы ғана жүгіне алады.

"Балабақшада жүрген балаларым ауырып қалды. Емханаға барған кезде Шұбарсудағы "Аяла Мед" мекемесінде тіркеуде тұрғанымызды айтты. Біз ол жақта болған емеспіз. Неге ол жақта тіркеуде тұрғанымызды айта алмады. "Бәлкім тексерілген шығарсыздар?" деді. Сөйтіп ЭЦҚ кілт ашып, қайтадан өзіміздің емханаға тіркелдік. Біз қайдамыз, Шұбарсу қайда? Неге ол жаққа кеткенімізді білмеймін", – деді екі баланың анасы Динара Қонысбаева.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын қалай арттырамыз? Гериатр дәрігермен сұхбат


Әйелдің екі баласын тіркеуге алған Шұбарсудағы емханада небәрі төрт бөлме бар. Барлығы бес дәрігер 4 275 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтар мен санитарлық саймандар жоқтың қасы. Қол жуғышы мен жылыту пешіне қарап медициналық талаптарға сай келмейтінін байқауға болады. Ал ультра дыбыстық зерттеу мен кардиограммалық аппараттар мүлдем жоқ.

"Жеке тұлғаның ЭЦҚ кілті арқылы беріледі. Біз сол арқылы ғана науқасты қабылдап аламыз. "Егов" порталы арқылы бізге РПН базасына түсіп отырады. Сұратым келеді, кейін қабылдап аламыз. Ал ол сұратымды кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы ғана жібере алады. Осыған ұқсас жағдай бізде алдында да болды", – деді "Аяла Мед" жекеменшік клиникасының бас дәрігері Аяжан Сержанқызы.

Мұндай түсініксіз мәселе тек жекеменшік емханада кездесіп жатқан жоқ. Әр клиниканың тіркеуіне алынған адам үшін мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жан басына шаққанда 1 367 теңгенің осындай мекемелерге ай сайын төленетінін ескерсек, тіркеудегі мұндай шикіліктерді көпке түсіну қиын болмас, деді тілші.


Оқи отырыңыз: Бас ауырып, балтыр сыздаса, бірден балгерге баратындар көбейді. Бұл медицина дәрменсіздігінің белгісі ме? 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары