Медбикелердің білімін бағалау 4 мың теңгеге арзандады. Емтихан тапсыру қашан басталады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Медицина қызметкерлерінің бірқатар санаты білім бағалаудан босатылды.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің білімін бағалау рәсімдері жеңілдеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook желісінде хабарлады. Ол "Біліктілік санаттарын беру туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жазды. 

Жаңарған тәртіп бойынша, медицина қызметкерлерінің келесі санаттары білімін бағалаудан және кейс тестілеуден өтуден босатылады:

  • санаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарынан кейін аяқталған қызметкерлер;
  • мерзімі шектеусіз санатқа қайта тіркелгендер;
  • біліктілік деңгейін растауға қатысатын медицина қызметкерлері.

"Мейірбике ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білімі бар техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, біліктілік санаты бойынша баламалы біліктілік деңгейі сақталады. Дәрігерлердің қаржылық жүктемесін азайту мақсатында қанағаттанарлықсыз нәтижеге ие болған жағдайда емтиханды бірінші қайта тапсыру тегін болады, ал медбикелердің біліктілігін бағалау құны 21 мыңнан 17 мың теңгеге дейін төмендетілді", – деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, бұйрық күшіне енген уақыттан 10 күн өткен соң біліктілік деңгейін растау рәсімін өтуге болады. 


Оқи отырыңыз: Жетісу облысында емхана медбикесі науқастардың атынан несие алған


 

Серіктестер жаңалықтары