Мәжіліс депутаты томотерапияның жоғары технологиялық медициналық көмек тізбесінен шығарылғанын сынға алды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Томотерапия – сәулелік терапияның ең үнемді әрі тиімді әдістерінің бірі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолданған сауалда депутат Нұргүл Тау Денсаулық сақтау министрлігінің әрекеттері көпмиллиондық инвестицияларды жоққа шығарып, қазақстандықтардың өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 1 қазандағы №103 бұйрығынан кейін туындады. Бұл бұйрықпен томотерапия біржақты тәртіппен жоғары технологиялық медициналық көмек тізбесінен шығарылып, клиникалық-шығындық топтар (КШТ) тетігі арқылы қаржыландыруға көшірілді. Нәтижесінде бір сәулелендіру сеансының тарифі 4,5 есе төмендеді. Депутаттың айтуынша, бекітілген сома бірегей жабдықтың тозуын да өтемейді, ал оған қызмет көрсету мен күтіп ұстау шығындары тіптен ескерілмеген.

Мәселе онкологиялық аурулар кезінде өмір сақтап қалуға тікелей қатысты. Томотерапия – сәулелік терапияның ең үнемді әрі тиімді әдістерінің бірі. Ол сау тіндерге аз әсер ете отырып, қатерлі ісік жасушаларын жоюға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының озық технологияларды тарту жөніндегі саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азияда осы бағытта көшбасшыға айналды. Жеке томотерапия орталықтарына 60 млн доллар инвестиция тартылып, америкалық технологиялар трансферті жүзеге асты. Мекемелер JCI халықаралық сапа сертификатына ие, ал 770 жоғары білікті маманнан (медициналық физиктер мен радиологтар) тұратын дайындалған команда бүгінде ядролық медицинаның "алтын қорын" құрайды.

Әдістің тиімділігі сандармен дәлелденген: республика бойынша онкопациенттердің бесжылдық өмір сүру көрсеткіші орта есеппен 65% болса, жеке орталықтарда томотерапияны қолдану 80–81% көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді. Бес жыл ішінде мұнда 5,5 мыңнан астам адам емделді.

"Денсаулық сақтау министрлігі қол жеткізілген нәтижелерді жоққа шығарып отыр. Тарифті төмендету туралы бұйрық тиісті талдаусыз, инвестициялық келісімдер мен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарын бұза отырып қабылданды. Ал 2026 жылға бюджеттен томотерапияны қолдауға 11 миллиард теңге бөлінген. Енді бұл қаражат қалай игерілмек? Егер жағдай өзгермесе, жыл сайын 600-ге дейін азаматтың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондай-ақ Chevron секілді стратегиялық инвесторлардың басқа елдерге кету қаупі де бар", – деді Нұргүл Тау.

Депутаттар Үкіметтен тариф белгілеу әдістемесін жедел қайта қарауды, оны ҚЕХС-қа сәйкестендіруді және томотерапияны тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне қайтаруды талап етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз