Депутаттардың айтуынша, шағын бизнеске кассалық салық салудан және қосымша құн салығының шегін төмендетуден бас тарту қажет.
Қазақстанда шағын бизнесті патент салығына көшіруді қайта қарау керек. "Ақ жол" фракциясының депутаттары вице-премьер Ерұлан Жамаубаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында осындай мәлімдеме жасады.
"Патенттің артықшылығы деген – ондай бизнесті ешкім тексермейді, қысым көрсетпейді, пара сұрауға сылтау болмайды. Қолданыстағы салық кодексінде патенттік салым төлеу қарастырылған. Бірақ, онда осы нормаларды мағынадан айыратын шектеулер бар. Мысалы, жылдық айналым 2 млн теңгеден аспауы тиіс және кәсіпкердің жалдамалы жұмысшылары болмауы керек. Бұны бұрмалаушы профанация деп атамасқа болмайды. 2 млн теңгеге тең жылдық айналым дегеніміз, айлық айналымда 167 мың теңге, ал, ондағы кәсіпкердің өз табысы шамамен 20 пайыз немесе айына 35 мың теңгені құрайды деген сөз. Мұндай ақшаға қай кәсіпкер жұмыс істейді?", – деді депутат Ержан Бейсенбаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторий ұзартылмақ
Депутат кәсіпкердің табысын орта айлыққа (2023 жылғы орташа жалақы – 338 мың теңге) жеткізу үшін, патент алу үшін айналым көлемін кем дегенде 10 есе көтеру қажет екенін айтты. Одан бөлек кәсіпкердің жанында кассир, жүк тасымалдаушы сияқты көмекшілері болатынын, олардың жалақысы да кәсіпкер табысының ішіне кіретінін еске салды. Сондықтан кәсіпкерге қызметкер алуға рұқсат беруді ұсынды. Айтуынша, қызметкерлердің санын шектеуге болады.
"Осы екі фактор – орташа жалақы деңгейіндегі пайда мен бес қызметкерге дейін жалдау мүмкіндігі ескерілсе, патент бойынша жылдық айналым кем дегенде 100 миллион теңге болуы керек. Бір ғана осы шешім арқасында, миллиардтаған теңге босқа жұмсалған бірде-бір жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бере алмаған мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылар еді", – деді Ержан Бейсенбаев.
Сондықтан депутаттар шағын бизнеске кассалық салық салудан және қосымша құн салығының шегін төмендетуден бас тартып, патентке ауыстыруды ұсынды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
303
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
292
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
293
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
305
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
310
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
330
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
322
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
347
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
299
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
281
-
0
-
0
-