USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Мәселені шешіп беремін". Астанада кәсіпкерлерді алдаған ер адам ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Полиция брендтік тауарларға қатысты кәсіпкерлерді бопсалап, ақша талап еткен күдіктіні ұстады.

Астанада брендтік тауарлармен байланысты кәсіпкерлерді алдап, ақша бопсалады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар жасап, өзін Қазақстан аумағындағы түрлі танымал брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған.

"Осы сылтаумен кәсіпкерлерге хабарласып, олардың қызметінен заң бұзушылықтар анықталғанын айтып, қысым көрсеткен. Кейін "мәселені шешіп беруге" және өнімді сатуда қиындықтарға жол бермеуге уәде беріп, ақша талап еткен. Қазіргі уақытта төрт алаяқтық дерегі тіркелген. Бір ғана эпизод бойынша келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан", – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол полицияға жеткізілді. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз