USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Талдықорғанда таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды: күдікті ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Талдықорғанда пышақтау дерегі бойынша іс қозғалды.

30 наурыз күні Талдықорған қаласының орталығында ауыр қылмыс тіркелді. Екі таныстың арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталып, бір адам қаза тапты.

Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, таныстар арасында туындаған сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Алдын ала болжам бойынша, жанжал барысында күдіктілердің бірі пышақ қолданып, қарсыласына ауыр жарақат салған. Жәбірленуші сол күні көз жұмған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оны жақын маңнан ұстап, қолға түсірген.

Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз