Танымал журналист Индира Жылқайдарованың дәм-тұзы таусылды. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі таратты.
Индира Жылқайдарова 2015 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары "Хабар" телеарнасының "Жеті күн" бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды.
Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша ден қойды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды терең талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты.
"Индира Орынбайқызы өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның журналистика саласындағы еңбегі кәсіби байқауларда да жоғары бағаланды. Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", – делінген қаралы хабарда.