Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты тергеуді бастады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.
"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылады. Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етуші автокөлік иелерімен кездесті. Ол жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
245
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
224
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
215
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
208
-
1
-
5
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
128
-
0
-
1
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
105
-
0
-
1
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
102
-
0
-
1
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
40
-
0
-
0
-