Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза болды

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі
Жол апаты кезінде автобус салонында 50 адам болған.

16 қаңтарда сағат 01:03 шамасында Маңғыстау облысында "Доссор–Құлсары–Бейнеу–Сайотес–Шетпе–Жетібай–Ақтау" KZ-11 автожолының 383-шақырымында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан төрт жолаушы оқиға орнында қаза болып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілді.

"Жол апаты кезінде автобус салонында 50 адам болған. Автобус 1985 жылғы туған жүргізуші басқарған, ол шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушімен ауысқан", – делінген хабарламада.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз