Ауыл тұрғындары базада жарылыс болуы мүмкін деп қауіптенеді.
Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының тұрғындары жүк көліктерін жөндейтін "Еуразия" техникалық базасын көшіруді талап етеді. Тұрғын үйлерден небәрі 20 метр жерде орналасқан базадағы цистерналарда жанар-жағармай сақталады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ауыл тұрғындары базада өрт не жарылыс болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Оның үстіне техникалық базаға келетін жүк көліктері ауыл жолының тоз-тозын шығарған.
"Шілде айында осы мәселені көтеріп алаңға шыққанымызда ауыл басшылығы базаны бір ай көлемінде көшіреміз деп уәде берген. Алайда әлі орнында тұр", – дейді ауыл тұрғыны Гүлбану Жаңбырбаева.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында атмосфералық ылғалдан жаңбыр жаудыру бойынша үшжақты шартқа қол қойылды
"Еуразия" базасының өкілдері жергілікті әкімдік лайық жер учаскесін беретін болса, көшуге дайын екенін айтып отыр. Алайда бұған ейін әкімдік ұсынған жер кәсіпкердің көңілінен шықпапты.
"Ауылдың шетінен жер белгіленді. Қазір көшіруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Құр жерге көшіруге болмайды ғой. Алдымен коммуникациясын, газ-тоғын тарту керек", – дейді ауыл әкімінің орынбасары Аман Ордабаев.
Ал ауыл халқы мәселе жақын аралықта шешілмесе, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа шағымданбақ.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
327
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
278
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
286
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
277
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
287
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
254
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
244
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
247
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
242
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
251
-
0
-
0
-