Жауын-шашын жаудыруға Clear Sky Manager технологиясы қолданылады.
Маңғыстау облысында құрғақшылыққа қарсы күрес әдісі ретінде атмосфералық ылғалдан жауын-шашын жаудыруға Clear Sky Manager технологиясы қолданылады. Осыған орай "Грант Қазақстан" корпоративтік қорының Central Asian Center of Climate Change Technologies ЖШС компаниясы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында 3 жақты келісім шартқа қол қойылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин хабарлады.

Жоба бойынша Маңғыстау облысының әкімдігімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар бағдарламаның барлық кезеңдерінің нәтижелерін бақылайды, талдайды және бекітеді. Бұл Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығы секторына қатер төндіретін климаттық қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: В Мангистауской области апробируют технологию искусственного дождевания для борьбы с засухой
"Идеяның негізгі мақсаты атмосфералық жауын шашын көлемін орта жылдық есептен кемінде 30%-ға дейін арттыру. Бағдарлама Маңғыстау облысының аумағында 13 ай бойы эксперимент түрінде жүргізіледі. Жобаға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Грант Қазақстан корпоративтік қорына жеке инвесторлар арқылы аударылған қаржы арқылы қамтылады", – деп жазды Еділ Жаңбыршин.
Clear Sky Manager технологиясы – табиғи бұлттылықты біртіндеп күшейтуге және атмосфералық жауын-шашынның түсуіне мүмкіндік беретін стационарлық қондырғылар. Яғни, атмосфераға теріс иондар ағыны жіберіліп, соның арқасында жаңбыр кезеңіне жетпеген бұлттар конденсацияланып, жаңалары пайда болады. Қоршаған ортаға, адамдарға, жан-жануарға, ешқандай зияны жоқ. Технология Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Жаңа Зеландия, Ресей және басқа елдерде сынақтан өткен.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-