Компания бұл жұмыстарды төрт ай ішінде аяқтауға міндеттелген екен.
Маңғыстау облысында мердігер компания бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшелерге жанбайтын жарық шамдар орнатқан, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
"Элком" серіктестігі "Адай" автобазасынан Баянды ауылына дейінгі аралықта көлік жүретін тас жолдың бойын күн сәулесінен қуат алатын шамдармен жарықтандыруы тиіс болған. Бірақ, әкімдіктегілердің айтуынша, мердігер жобаға сай келмейтін шамдарды орнатқан. Яғни, жарықтандыру жүйесі іске қосылғалы жұмыс істемеген.
Жергілікті билік мердігердің жұмысын қабылдамай, оларды "жосықсыз өнім беруші" ретінде тану туралы сотқа өтініш берген екен. Әрі әкімдіктегілер келісімшарт сомасынан кәсіпкерге тек 159 миллион теңгеден астам қаражат берілгендігін айтты.
"Бірінші инстанциясында жеңіске жетіп, тапсырыс беруші тарапынан "Элком" ЖШС аппеляцияға шағымданған болатын. Қазіргі таңда аппеляциялық шағым жосықсыздар тізімін тек қана қанағаттандырусыз қалдырып, қалған айыппұл өндіру және уақытылы жұмыстарды аяқтау күшінде болатын",– деді Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәурен Едігеев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
262
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
255
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
259
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
257
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
251
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
251
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
249
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
245
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
229
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
225
-
1
-
5
-