Суреттегі – қарапайым FFP2 бетперделері.
Қазнетте дүкен сөресінде тұрған қорғаныш бетперделерінің суреті тарады. Олардың кейбіреуі маймыл бейнеленген қорапқа салынып сатылып жатыр. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл бетперделер маймыл шешегінен қорғайды. Мұнымен қатар, жақын арада бұл бетперделерді барлығы сатып алуға міндетті болады. Бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Суреттегі медициналық бетперделер арнайы маймыл шешегінен қорғау үшін жасалмаған. Бұл қарапайым FFP2 бетперделері, ал түрлі-түсті суреті бар қораптағы бетперделер балаларға арналған.
Сайт мәліметінше, маймыл шешек ауруының таралуына байланысты адамдар қоғамдық орындарда бетпердемен жүруге міндеттеледі деген ақпарат та негізсіз. Маймыл шешек вирусы ауа тамшы жолдары арқылы ұзақ немесе жақын байланыс болғанда ғана беріледі.
Оқи отырыңыз: Маймыл шешегінен 271 миллион адам өледі деген ақпарат – жалған
"Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ұсынысында басқа отбасы мүшелері жанында болған кезде маймыл шешек ауруын жұқтырғандар бетперде тағуы керек делінген. Бұл індетке шалдықпаған адамдар маймыл шешек жұқтырған науқас жанында ұзақ уақыт отырса ғана бетперде тағуы керек. Яғни маймыл шешек ауруынан қорғайтын арнайы бетперделер сатылады деген ақпарат – жалған", – делінген ақпаратта.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-