Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған магистратура білім гранттарының иегерлері анықталды. Грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды.
"Білім гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалған. Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинаған талапкерлер грант конкурсына қатыса алды", – делінген хабарламада.
Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық талапкер қатысты. Грант иегерлері магистратураға оқуға түсу үшін тиісті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарын тапсыруы қажет.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызды қоса алғанда жүргізіледі.
Грант иегерлерінің толық тізімін білім саласындағы уәкілетті органның ресми ресурстарынан көруге болады.