Тікелей эфир

Мәжіліс депутаттары мұғалімдерді аттестаттау жүйесін сынға алды

Ұлттық біліктілік тестілеуден өту және тестілеуге тіркелу кезінде талон беру мерзімі белгіленбеген.

ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Екатерина Смышляева Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетовке депутаттық сауал жолдады.

Жол картасының 34 тармағы бойынша мектептерді 100% білікті кадрлармен қамтамасыз ету көзделген. Ал министрліктің мәліметінше, педагог кадрлардың тапшылығы шамамен 26 мың адамды құрайды. Бұдан бөлек, 15 мың мұғалім – зейнет жасындағы және зейнетке шығатын қызметкерлер. Бұл мәселені педагог мәртебесі туралы заңмен жыл сайын мұғалімдердің еңбекақысын көтеру және басқа да мемлекеттік қолдау шараларымен шешу көзделген.

"Алайда педагогтердің өтініштеріне сәйкес, жаңа аттестаттау жүйесі, жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару тәртібі олар үшін аса қолайлы емес. Біріншіден, шағымдардың көпшілігі мұғалімдерді аттестаттау бойынша нормативті-құқықтық актілерге жиі енгізілетін өзгерістер мен олардың сапасына қатысты болып отыр. Әлі күнге дейін қызмет көрсету тәртібі толығымен жасалмаған. Мысалы, ұлттық біліктілік тестілеуден өту және тестілеуге тіркелу кезінде талон беру мерзімі белгіленбеген. Арнайы пәндер бойынша әзірленген тесттер жоқ", – делінген депутаттық сауалда.

Депутаттың сөзінше, аттестаттау комиссиясының бейнематериалдарын сақтау және дау туындағанда оларда алу еткізу тәртібі пысықталмаған.
Осындай ұйымдастыру мәселелеріне байланысты мұғалімдер кезекті аттестацияны "өткізіп жіберуге" мәжбүр. Ал уақыт айтарлықтай материалдық шығындарға, сот ісіне және еңбек дауларына кетеді.

"Екіншіден, аттестаттау портфолиосының құрамына қойылатын талаптар. Мысалы, біліктілікті арттыру туралы сертификаттарды тіркеу керек. Соған байланысты бақылаусыз, рұқсатсыз жұмыс істейтін жеке оқу орталықтарының нарығы күрт өсті. Ресми түрде олар сертификат бергенімен, жұмысқа жарайтын білім бере ме? Тағы бір талап – оқушылардың олимпиадалар мен конкурстардағы жетістіктері. Педагогтер аттестациясы кезінде дипломы қабылданатын "есептік" жарыстар тізімінде 30-ға жуық позиция бар. Олардың көпшілігіне қатысу ақылы. Ал ақысын ата-ана төлеуі керек. Ата-ана жарыстарға қатысу үшін ақшасы не ниеті болмаса не істейді?" – дейді депутаттар.

"Nur Otan" фракциясының мүшелері соңғы уақытта мектептерде мұғалімдерді қабылдау, алмастыру және жұмыстан босату тәртібіне қатысты бұйрықтар көбейгенін айтады.

"Ал ұсынылып отырған конкурстық іріктеу құрылымы үміткерлер көп уақытта жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін шынымен төмендететін шығар. Алайда кадр тапшылығы бар кезде ол қалай жүзеге асады деген сұрақ туындайды. Мектеп директорларын алмастыруға қатысты мәселе бар. Мектеп ол тез нәтиже беретін қысқа мерзімді стартап емес. Бұл – ұзақ мерзімді басқару инвестициясын талап ететін іргелі жүйелі институт. Оның үстіне білім саласындағы менеджерлер арасында да білікті мамандар жетіспейді", – делінген Асхат Аймағамбетовке жолданған депутаттық сауалда.

Осыған байланысты депутаттар келесі шараларды іске асыру қажет деп есептейді:

  • педагогтерді аттестаттау бойынша қызметтерге реинжиниринг жүргізу және орын алған барлық процедуралық олқылықты жою;
  • кадрлар тапшылығын ескере отырып, педагогикалық кадрларды іріктеу, қабылдау және босату тәртібі тәселдерін қайта қарау;
  • есеп енгізіп, педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған оқу орталықтарының жұмысына рұқсат беру тетігін, оның ішінде "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып енгізу мүмкіндігін қарастыру.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары