Тікелей эфир

Ломбардтан алынған қарыздардың 30 пайызға жуығы мерзімінде өтелмейді

Ломбардтардың тек 5%-ында төлемін үш ай бойы кешіктірген шағын несиелер бар. 

2021 жылдың екінші тоқсанында ломбардтардың жеке тұлғаларға берген шағын несиесінің жалпы сомасы 131 млрд теңгені құрады. Ал осы жылдың екінші тоқсанының соңында шағын қаржы ұйымдарының жеке тұлғаларға берген несие көлемі 542,2 млрд теңге болды. Республика бойынша, екінші деңгейлі банктердің тұтынушы несиелерінің көлемі 5,1 трлн теңге болған еді, деп хабарлайды Finprom.kz басылымы. 

Ломбардтар жеке тұлғаларға берген шағын несиелердің 93,8 млрд теңгесі – тура мерзімінде өтелгендер. Ал мерзімінен кешігіп төлеген шағын несиелер 37,2 млрд теңгені немесе барлық заемның 28,4%-ын құрады. 

  • көбінесе 1 және 30 күн аралығындағы шағын несиелер кешігіп өтелген – 22,9 млрд теңге;
  • 31 және 60 күн ішінде кешіктірген шағын несиелер көлемі – 5,1 млрд теңге;
  • 61 және 90 күн ішіндегі – 2,6 млрд теңге;
  • 90 күннен асқан 6,5 млрд теңге, бұл жалпы шағын несиенің – 5%-ы.

Осы жылдың екінші тоқсанының соңында республикада 594 ломбард жұмыс істеді. Алайда жалпы табыстың үштен екі бөлігі осылардың ішінде тек 20 ломбардқа тиесілі.

Еске салсақ, биыл 116 ломбард шығынға ұшырады. Олардың жалпы қарызы – 656,8 млн теңге.

Серіктестер жаңалықтары