Биыл 116 ломбард шығынға ұшырады. Олардың жалпы қарызы – 656,8 млн теңге

Салық төлегенге дейінгі ломбардтардың жалпы таза табысы – 21,8 млрд теңге, ал төлеген соң 19 млрд теңге болды.

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында отандық ломбардтардың жалпы табысы 68 млрд теңгені құрады. Осы ақшаның 43,7 млрд теңгесі – сыйақымен байланысты келген табыс. Ал аталған кезеңде шығыс 46,2 млрд теңге болды. Оның 16,2 млрд теңгесі – операциямен байланысты шығындар, деп хабарлайды ranking.kz.

Мұнымен қатар, ломбардтар 2,8 млрд теңге көлемінде салық төледі. Салық төлегенге дейінгі жалпы таза табыс – 21,8 млрд теңге, ал төлеген соң 19 млрд теңге болды. Сектор бойынша табыс артқанмен, 594 ломбардтың 116-сы 656,8 млн теңге көлемінде шығынға ұшырады. 

Табыс табу жағынан "М-Ломбард" көш бастап тұр, ол қаңтар-маусым айларында 4,2 млрд теңге көлемінде пайда көрген. 

  • "МК-Ломбард" – 2,5 млрд теңге;
  • "Астра-Ломбард" – 1,7 млрд теңге;
  • "Сенiмдi iргетас" – 1 миллиардтан астам;
  • "Сейф Ломбард" – 1 миллиардтан астам;
  • "МК-Золото Ломбард" 1 миллиардтан астам теңге көлемінде табысқа ие болды. 

2021 қаңтар және маусым айларында келесі ломбардтар бәрінен көп шығынға ұшырады:

  • Auto money – 176,3 млн тг;
  • Bravo Lombard – 68,6 млн тг;
  • "Тез Ломбард" – 47,6 млн тг;
  • Golden Capital – 2007 45,8 млн тг.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары