Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясындағы ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Сенат депутаттары ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованы қызметтен босатып, оның орнына Ләззат Сүйіндіктің кандидатурасын мақұлдап дауыс берді.
Ләззат Сүйіндік – "Болашақ" стипендиясымен Ұлыбританияда білім алған. Ақпарат министрлігі мен "Хабар" агенттігінде басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды.
Сәбила Мұстафина мен Константин Петровтың орнына Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник ОСК мүшесі болып сайланды.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы – Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы. Комиссияға жеті адам мүше, оның төрағасы – Нұрлан Әбдіров.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының құрамын жаңартты