ОСК екі мүшесі ауысты.
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.
Қызметтен босағандар:
- Сәбила Сапарқызы Мұстафина;
- Константин Викторович Петров.
Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері:
- Азамат Мақсотұлы Айманакумов;
- Михаил Михайлович Бортник.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы – Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы. Комиссияға жеті адам мүше, оның төрағасы – Нұрлан Әбдіров.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Мәжіліс сайлауы саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашады