Тікелей эфир

Куә бере барып, күдікті ретінде қамалған. Жамбыл облысында қорғаушылар зейнеткерге араша сұрады

Олар Бас прокуратурадан қылмыстық істі өз қарауына алуды өтінеді.

Жамбыл облысында адвокаттар Елена Ушакова мен Георгий Книжин жергілікті аграрлық серіктестік қызметкерлерінің үстінен мемлекет қаржысын жымқырды деген айып бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу біржақты жүргізіліп жатыр деп алаңдайды. Қылмыстық іс сегіз адамның үстінен қозғалса, арасында серіктестіктің есепшісі болған 65 жастағы зейнеткер де бар. 

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, қылмыстық іс 9 жыл бұрын болған оқиғаның ізі бойынша қозғалған. 

"Біз қанша рет арыз жазғанымызбен, бұл ақшаны біздің мойнымызға іліп отыр. Менің қорғалушым тек құжат қағаздарымен жұмыс істеген. Қомақты қаражатты кім, қалай, не үшін алғанын да білмейді. Бұл – осыдан тоғыз жыл бұрын болған іс. Неге ол сол кезде анықталып ашылмаған? Облыстық прокуратура бізді естімейді де, естігі де келмейді", – дейді қорғаушы Елена Ушакова. 

Әділдік іздеген Алматы қаласының тұрғыны Игорь Масленко болса, туысының денсаулығына көбірек алаңдайды. Игорьдің сөзінше, оның қос аяғы іріңдеп, әбден жүріп-тұруға келмей қалған кезде ғана үйқамаққа шығаруға рұқсат берген. 

"Ол екінші топ мүгедегі, қант диабетімен айырады. Денсаулығының нашарлығына қарамастан, 2,5 ай бойы қамауда отырды. Ал осы іске қатысы бар тағы бір күдікті бір күн тергеліп, үйқамаққа шықты. Қазір туысым жазықсыз тергеп жатыр. Мен әділдік іздеймін, іс әділ қаралсын", – дейді ол. 

Тағы бір адвокат Георгий Книжиннің айтуынша, тергеу амалдары біржақты жүргізіліп, қорғаушылар ұсынған дәлел материалдары қабылданбай жатыр. 


Оқи отырыңыз: Жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады? Қылмыстық және әкімшілік кодекс баптары


Тілшілер тілдесуге шыққан Жамбыл облыстық прокуратура өкілдері тергеу құпиялығына байланысты қылмыстық істің жай-жапсары жарияланбайтынын айтып қысқа қайырды. 

"Аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылып, Оның іс-әрекеті ҚР ҚК тиісті баптарымен сараланған. ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық іс жариялануға жатпайды. Қазір тергеу жүріп жатыр, аяқталуына аз қалды", – деді Жамбыл облысының прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеп тексеру басқармасының басшысы Сәкен Байталиев.

Осыған орай, қорғаушылар мен әзілдік іздегендер бұл қылмыстық істің тергелуін Бас прокуратураның өз қарауына алуын сұрайды. 

Серіктестер жаңалықтары