USD: 464.5 / 467.1
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.39 / 5.51
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

Кореядан экстрадицияланған күдікті 2,5 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған деген күдікке ілінді

Фото: ҚМА/Видео скрині
Фото: ҚМА/Видео скрині
Интерпол көмегімен Кореядан жеткізілген күдікті қамауға алынды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Интерполдың қолдауымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген Ұлан Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға экстрадициялады.

ҚМА мәліметінше, күдікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыстық схема аясында:

  • кәсіпорындар сатып алынып, жалған басшылардың атына қайта тіркелген;
  • олардың банк шоттары арқылы қаржылық операциялар жүргізілген;
  • салық есептілігіне жалған мәліметтер енгізілген;
  • кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Агенттіктің мәліметінше, осы схемада пайдаланылған кәсіпорындардың бірі – "Сфера" ЖШС. Ұлан Байболов 2014 жылы серіктестіктің директор орынбасары қызметіне тағайындалған.

Тергеу деректеріне сәйкес, аталған кәсіпорынның есепшоттары арқылы 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған, ал мемлекетке келтірілген қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Сот Ұлан Байболовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Ведомство Қазақстан заңнамасына сәйкес адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз болып саналатынын еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау