USD: 470.7 / 473.3
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Конституциялық соттың түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын не сайланатынын білдірмейді – Ерлан Қарин

Фото: Egemen.kz
Фото: Egemen.kz
Бұл түсіндірме таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында Конституциялық соттың кешегі түсіндірмесіне қатысты жазды. Оның сөзінше, бұл түсіндірме таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие. 

"Бұл – жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған бірқатар рәсімдік мәселелерге берілген құқықтық жауап. Атап айтқанда, жаңа Ата Заңның күшіне енуіне байланысты 1 шілдеден бастап конституциялық нормадағы бір реттік өкілеттік мерзім талабы қолданылатын лауазымды тұлғалар тағайындалуға тиіс: Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары. Осыған орай "Бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норманы қазіргі іс басындағы лауазымды тұлғаларға қолдану керек пе әлде олардың қайта тағайындалуына мүмкіндік бар ма?" деген сауал туындаған еді", – деді Ерлан Қарин.

Оның жазуынша, Конституциялық соттың түсіндірмесі аталған мәселеге нақты құқықтық жауапты ұсынады: бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға тағайындалған адамдарға ғана қолданылады. Құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты болады. 

"Бұл ретте, Президенттің жеті жылдық бір ғана мерзімге сайлануы туралы ереже мемлекеттің Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны секілді мүлдем өзгермейтінін атап өту қажет (ҚР Конституциясының 43-бабы, 5-тармағы). Конституциялық нормалардың аталған түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейді. Ол тек тиісті тұлғаның сайлауына немесе тағайындалуына құқықтық мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Конституциялық соттың шешімі – жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастырумен байланысты ауқымды үдерістің кезекті бір бөлігі ғана", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау