Петропавл қаласының тұрғыны Анвар Файзулин тастардан ғажайып сарай салып, өзі тұратын жардың жиегіне биік қамал тұрғызған. Ауласы көне Еуропаға айналған. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды.
Биыл 70-ке толатын Анвар Файзуллин тура жардың жиегінде тұрады. Жыл сайын еңістен топырақ құлап, үйінің алды күл – қоқысқа толған. Сондықтан зейнеткер баурайына тастан сарай салып, берік бекініс жасапты.
"Бұл өзіме да, адамдарға да ұнайды. Осында отырып күннің шыққаны мен батқанын көру тіпті ғажап. Бұған көп ақша да кетпейді. Бәрі қолдың ісі. Мұнда шырша, қарағай, арша секілді қылқан жапырақты ағаштар өседі", – деді қала тұрғыны.
Зейнеткер алдағы уақытта тағы бір бос орынға мешіт салуды жоспарлар отыр.