Сондай-ақ, 9-сынып түлектері үшін мемлекеттік тапсырыс саны артады.
Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова биыл техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша орындалатын жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады.
"Өткен жылы колледжге қабылдау ережесін жаңарттық. Қабылдау емтиханын алып тастадық, түлек колледж бен мамандықты өзі таңдайды. Бірінші рет кәсіби диагностика енгіздік. Қабылдау квоталарының саны 6-дан 9-ға дейін артты. Мемлекеттік тапсырыс автоматтандырылып, оған қатысатын колледждерге қойылатын талаптар анықталды", – деді Насымжан Оспанова.
Оқи отырыңыз: Жоғары оқу орнында сапа болмаса, студенттердің обалы кімге?
Департамент директорының айтуынша, өткен жыл қорытындысына қарай, биыл бірнеше жұмыс жоспарланған.
"Атап айтқанда 9-сынып түлектері үшін мемлекеттік тапсырыс саны артады. Мемлекеттік тапсырысқа қатысатын колледждерге қойылатын талап қатаңдатылады. Сондай-ақ, биыл қағаз түрінде құжат қабылдау жүйесін алып тастаймыз. Енді құжат egov.kz жүйесі арқылы қабылданатын болады", – деді Насымжан Оспанова.
Сондай-ақ, президент тапсырмасына байланысты колледждерді кәсіпкерлердің қамқорлығына беруді дамыту жоспарланған. Соның ішінде материалды-техникалық базаны жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мәселесін ұйымдастыру мен педагогтардың тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-