USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Көліктегі полиция үш айда мемлекетаралық іздеуде жүрген 28 қылмыскерді ұстады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Алматы әуежайында кісі өлтірген күдікті ұсталды.

Қазақстанда жыл басынан бері көліктегі полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 28 қылмыскерді ұстады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 2025 жылы жедел-іздестіру шаралары барысында Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 263 қылмыскерді анықтап, қолға түсірген. Олардың 97-сі – жақын және алыс шетел азаматтары.

Көліктегі ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Әлімов қазіргі жылы ұсталған 28 адамның 11-і уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, ал 17-сі іздеу жариялаған органдарға тапсырылғанын айтты. Оның сөзінше, іздеуде жүргендердің басым бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар.

"Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Оларды заңнамаға сәйкес іздестіруді бастаған органдарға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Мысалы, биыл наурыз айында Алматы әуежайында Баку бағытынан келген рейсте кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген шетелдік ұсталған. Күдікті өзін қарапайым жолаушы ретінде көрсетпек болғанымен, полиция қызметкерлері оны бақылау аймағынан шықпай тұрып қолға түсірген", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары күдіктіні дереу қамауға алып, оны іздеген құзырлы органға хабар берген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз