USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды. Қылмыстық топтың құрамында жасөспірімдер де бар

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Бұл топтың үш қылмысқа қатысы бары белгілі болды.

Ішкі істер министрлігі үйлердің терезесін бұзып, пәтерден бағалы зат ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкере қылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, Алматы облысында пәтер тонаған бірнеше қылмыстық топ ұсталған.

"Алматы облысында 2025 жылғы желтоқсаннан бастап пәтер тонаған қылмыстық топтар ұсталды. Қаскөйлер алтын, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың тоғыз пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды", – делінген хабарламада.

Бұл топтан басқа кәмелет жасына толмаған балаларды да тартып, ұрлық жасаған тағы бір топ ұсталған.

"24 наурызда Алматы облысы аумағында пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Олардың үш қылмысқа қатысы бары анықталды. Бұл топтың құрамында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған", - делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз