Қазақстан өңірлерінде көктемгі су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ.
Іс-шаралар жол карталары, инженерлік жоспарлар және төтенше жағдайлардың алдын алу бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатыр.
Алматы қаласы
Алматыда коммуналдық қызметтер су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Алатау және Бостандық аудандарында маусымдық су басу тіркелген жеті учаске тұрақты бақылауда. Көкқайнар шағын ауданында Боролдай өзенінің арнасын кеңейту, Жәңгір-Хан көшесіне сорғы станциясын орнатуға дайындық жұмыстары қолға алынған. Қаладан алдын ала 147 мың текше метр қар шығарылды. Топырақтың 37–39 см тереңдікте қатуы еріген судың табиғи сіңуіне мүмкіндік беріп отыр.
Алматы облысы
Облыста 45,7 км арық, 31 км канал, 4,2 км өзен арнасы тазартылды. Сондай-ақ 21 су өткізу құбыры аршылды. Елді мекендерден қар шығару үшін барлық аудандарда, соның ішінде Қонаев және Алатау қалаларында арнайы полигондар белгіленді.
Төтенше жағдайлар департаменті 38 елді мекенде 45 рейд өткізді. 763 адам қатысқан 80 кездесу ұйымдастырылып, 564 профилактикалық ұсыным таратылды.
Оқи отырыңыз: "5 өңірде қауіп жоғары". Қанат Бозымбаев су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда қабылданған шаралар нәтижесінде 16 елді мекенде су басу қаупі толық жойылды, 50 елді мекенде тәуекел төмендетілді, 5 елді мекенде қауіп сақталып тұр. "Қазгидромет" мәліметінше, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан 112–146%-ға жоғары болған. Облыс су тасқыны қаупі жоғары өңірлер қатарына жатқызылды. Тәуекел деңгейі жоғары аудандар: Алтай, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Ұлан және Үлкен Нарын.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында инженерлік және профилактикалық шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Өңірге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі №28237 әскери бөлімінің бөлімшесі тартылып, Жанатұрмыс ауылдық округіне орналастырылды. Тараз қаласында құм салынған қаптар төселіп, арық жүйелері тазартылуда. Мойынқұм ауданындағы Шу өзенінде маусымдық гидрологиялық бекет орнатылды. Бұл су деңгейін тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.
Жетісу облысы
Жетісу облысында 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды. 14 км су ағызу каналы жасалып, тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеті жөнделді, 11 км өзен арналары тазартылды, 13 км жағалау нығайтылды. Жүргізілген инженерлік шаралар 17 елді мекеннің су басу тәуекелін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17