Тікелей эфир

Көмірді шетелге көлікпен шығаруға уақытша шектеу қойылды

Шектеу көрші елдерге көмір шығару оқиғалары көбейген соң енгізілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел шекарасы аумағынан көмірді автокөлікпен шығаруға уақытша шектеу қойды.

"Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр" делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомствоның бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары