USD: 471.3 / 473.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

Көбейтұз ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін алып, "Бұйратау" табиғи паркіне кіреді

Фото: Ortcom.kz
Фото: Ortcom.kz
Көлде шомылуға және оның жағалауынан тұз жинауға қатаң тыйым салынған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен суының ерекше қызғылт реңкімен танымал Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі беріледі. Осы мақсатта "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі. Бұл көлдің бірегей экожүйесін тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайты жазды. 

"Жыл сайын мұнда мыңдаған турист келеді. Келушілер санының артуы тиісті инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Осыған байланысты көлге ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру жұмыстарымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі жағалау аумағын абаттандыруға кіріседі. Мұнда бақылау алаңы мен автотұрақ салынып, тұрғындар мен қонақтарға табиғи құбылысты қауіпсіз тамашалап, суретке түсіруге жағдай жасалады. Бұл ретте көлдің нәзік экожүйесіне зиян келтірмеу басты назарда болады", – делінген сайтта.

Көлді қорғау және оның аумағын абаттандыру бағытында қабылданып жатқан шаралар "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бастамасының мақсаттары мен қағидаттарына толық сәйкес келеді. Көбейтұздың нәзік экожүйесін сақтау – таза әрі жасыл Қазақстанды қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыруға қосылған нақты үлес.

Бұған дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көл суының гидрохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізді. Сараптама нәтижелері бойынша аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар және басқа да бірқатар заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары екені анықталды. Осыған байланысты көлде шомылуға және оның жағалауынан тұз жинауға қатаң тыйым салынады.

Абаттандыру жұмыстары жүргізілетін кезеңде Көбейтұз көліне қолжетімділік уақытша шектеледі. Жағалау сызығына жақындауға және белгіленген шектеу аймағынан өтуге рұқсат етілмейді. Көлге кіреберістерде тәулік бойы бақылау бекеттері қойылып, аумақты полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар бірлесіп патрульдейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау