USD: 467.5 / 470.1
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.55 / 5.67
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Кипрден пәтер алып беремін деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Видео скрині
Видео скрині
100 млн теңгелік алаяқтыққа күдікті Қазақстанға қайтарылды.

Қазақстан азаматы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрден пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен Қазақстан азаматшасының 100 миллион теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген. Қылмыс жасалғаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2026 жылғы маусымда Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның экстрадициялау туралы сұрауы негізінде елге қайтарылған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

"Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау