"Тайқазан хикаясы" қысқаметражды анимациялық фильмі 2D форматында түсіріліп жатыр.
Қазақстандық режиссер-аниматор Қуаныш Нағыз "Тайқазан хикаясы" атты мультфильмді түсіріп жатыр. Анимациялық туынды киелі тайқазанды қайтарып алу үшін жолға аттанып, зұлым жаумен шайқаста қайсар батырлық көрсеткен жас батыр туралы баяндайды.
"2007 жылы мен "Алтын жебе" анимациялық фильмдер фестиваліне қатыстым, ол кезде Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА үшінші курс студенті едім. Фестиваль шеңберінде барлық қонақтарды Түркістанды аралатып, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне алып барды. Сол кезде киелі тайқазанды алғаш көріп, үлкен әсер алдым. Осыдан шамамен екі жыл бұрын тайқазан туралы мультфильмді түсіруді ойлап, барлық деректермен танысып шықтым. Кейін сценарий жазып, осы жазда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сценарийлер байқауына қатыстым", – деді режиссер Қуаныш Нағыз.

Оқи отырыңыз: "Қазақанимация" 2022 жылы көрерменге 10 мультфильм ұсынады
Режиссердің айтуына қарағанда, "Тайказан хикаясы" комедиямен аралас түсірілетін шытырман оқиғалы мультфильм. Сонымен қатар ол дайындық кезеңі барысында үлкен жұмыстар атқарылғанын, фильмнің негізгі персонаждары салынғанын, сондай-ақ жобаның сызба нұсқасы түсірілгенін хабарлады. Бүгінде жас мультипликатор негізгі локацияларды салып, кейбір сахналарды қозғалыспен көркемдеп жатыр.
2D форматында түсіріліп жатқан "Тайқазан хикаясы" қысқаметражды анимациялық фильмді Ұлттық киноны қолдау орталығы қолдауымен Sugur кинокомпаниясы түсіруде. Аталған мультфильмнің түсіру жұмыстары 2022 жылы қараша айында аяқталады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
263
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
234
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
237
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
233
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
242
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
294
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
327
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
322
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
266
-
0
-
7
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
258
-
0
-
0
-