Мамандар әлеуметтік желіде кибербуллинг ұйымдастыратын адамдарды бірден қара тізімге салуға кеңес берді.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, кибербуллингке ұшыраған респонденттердің 38%-ы жеке басын қорлайтын хабарлама алатыны белгілі болды. Мұнымен қатар, 24%-ы өзі туралы жағымсыз хабарламалар көрсе, 31%-ы суретінің астына жазылған жағымсыз пікірлерді оқиды. Осылардың ішінде 39% жағдайда кибербуллингті бөтен адамдар ұйымдастырса, 31%-ында өзін ренжіткен адамды таниды, деп хабарлайды Kaspersky.
Кибербуллинг кезінде респонденттердің 38%-ы жағымсыз хабарламаларды елемесе, 47%-ы агрессорларды бұғаттап, қара тізімге салады. Сондай-ақ, олар әрбір үшінші жағымсыз хабарламаны өшіріп, әлеуметтік желі әкімшілеріне шабуыл туралы хабарлайды.
"Ересектер үшін де, балалар үшін де интернеттегі қудалауға жауап беру еш пайдасын тигізбейді. Мұны біздің сауалнамамыз да растап отыр. Респонденттердің 28%-ы агрессорлармен диалогқа түскенде буллингтің әрі қарай да жалғасқанын айтқан. Мұнымен қатар, респонденттердің 26%-ы қудалаушыларға жауап берген кезде жағдайдың ушыға түскенін бөлісті. Егер сіз кибербуллингке ұшырасаңыз, онда жауап қайтармауға тырысыңыз. Мұның орнына бірден әлеуметтік желіде қара тізімге салу керек. Ал бұған көз жұма қарай алмасаңыз, жақын адамдар мен достар арасында қолдау іздеген жөн. Мәселені жабық күйінде қалдырмай, қажет болғанда мамандардан көмек сұраңыз. Өміріңізге немесе денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда әлеуметтік желі әкімшілеріне және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз", – деді Kaspersky зерттеу орталығының жетекшісі Мария Наместникова.
Аталған сауалнама 25 елде 15 мыңнан астам адам арасында жүргізілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-