Тікелей эфир

Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің қызметкерлері 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Олар жұмыс істемейтін адамдарға жалақы берді, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын төледі деп айыпталуда.

Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің шенеуніктері 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Прокурорлар бюджет қаражатын білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз аудару фактілерін анықтады. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздық парағын жасап, іссапар шығындары бойынша бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді.  

"Аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларының әрекеттерінен келтірілген шығынның жалпы 200 млн теңгені құрады. Аталған факті бойынша облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Астанадағы спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары қамалды


Айта кетейік, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.

Оларға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберіліп, кейбіріне қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Серіктестер жаңалықтары